389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер Шамалғандағы апатта зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

  • 168
Дәрігерлер Шамалғандағы апатта зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Алматы облысындағы Шамалған теміржол бекетінде болған жол-көлік апатынан кейін ауруханаға түскен балаларға тиісті дәрігерлік көмек көрсетілуде.

Осыдан бірнеше күн бұрын Қаскелең қаласынан Алматыдағы балалар ауруханасына жеткізілген баланың бірі есін жиды. 5 жастағы қыз бала нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Ал 6 жастағы бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Ал олардың анасына қалалық 7-емханананың дәрігерлері қажетті ем жасауда. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 7 күн бұрын Шамалған теміржол бекетінде жолушылар пойызы мен қоғамдық көлік соқтығу салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 адам зардап шеккен еді.

Дінмұхаммед Рузуддинов, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Қазір бала есін жиды. Тамағын ішіп, сөйлеп жатыр. Әлі де ем қабылдайды. Қазіргі жағдайда жағдайы ауыр-бірқалыпты. Екінші бала өкінішке орай әлі аппратта жатыр. Есіне келген жоқ. Ол бала да ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы