389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттады

  • 197
Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттады

Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кейбір түрлері біршама қымбаттаған.

Мысалы, пияз 41 процентке, картоп 9, ал қарақұмық жармасы 25 процентке көтерілген. Ұн, нан бағасында да өсім бар. Қамысты ауданында бір бөлке нан 85 теңгеге жеткен. Бұлай бағаның күрт көтерілуіне жергілікті билік тарапынан бақылаудың босаңдығы басты себеп, дейді облыс әкімі. Өйткені тұрақтандыру қорында бүгінде 900 тонна ұн бар. Соның тек 10 тоннасы алынған. Әлеуметтік маңызы бар басқа да азық-түлік тауарларының қоры облыста жеткілікті. Енді бағаны бастапқы денгейіне түсіру үшін өңірде тауарлық интервенция жүргізіле бастайды.

Жансұлтан Таукенов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Тұрақтандыру қорында 6,3 мың тонна түрлі азық-түлік тауарлары бар. Соның 13 түрі бойынша тауарлық интервенция жүргізіледі. Осы күнге дейін облыстағы 120 дүкен арқылы мың тонаға жуық азық-түлік арзан бағамен жаппай саудаға шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы