389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында еңбек ететін шетелдік инвесторға заңсыз айыппұл салынған

  • 146
  • UPD: 17:19, 25.09.2019
Ақтөбе облысында еңбек ететін шетелдік инвесторға заңсыз айыппұл салынған

Ақтөбе облысында еңбек ететін шетелдік инвестор тақырға отыра жаздады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылыжайда қызанақ өсірумен шұғылданатын кәсіпкерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары көмекке келге. Өңірде кәсіп ашып, ауылшаруашылығы өнімдерін өсіру үшін 100 мың еуро көлемінде қаржы жұмсаған. Тиісті құрал-жабдықтарды жеткізу кезінде мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырып, қосымша 350 миллион теңге көлемінде баж салығын өтеуді талап етеді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсіндірмеген. Шамамен 1 миллион доллар көлеміндегі төлем бизнесті түбегейлі тоқтатып, жүздеген адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін еді. Мәселеге еліміздің Қаржы министрлігінің аппеляциялық комиссиясы араласып, оң шешімін тапты.

Дирк Алевен, жылыжай кешенінің бас директоры:

- Кедендік тіркеу кезінде құрал-саймандарға бір құжат толтырылған болатын. Қосалқы бөлшектердің негізгі бөлігі Нидерланды елінен келгенімен, жылыжайға орнатылатын терезелер Қытайдан жеткізілді. Сондықтан мемлекеттік кірістер департаменті екі декларация толтыру қажет деп түзетулер енгізді. Жеткізілген заттардың бір жылыжай кешеніне екендігін түсіндіріп, анықтау үшін біраз уақыт жоғалттық. Дегенмен, мәселенің оң шешілгеніне қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы