389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында спорттық медициналық орталық ашылды

  • 216
Алматы облысында спорттық медициналық орталық ашылды

Алматы облысындағы Бүкіләлемдік бокс академиясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Халықаралық олимпиада коммитетінің «олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға ХОК спикері Род Уайтли мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік мүшесі Йорк Олаф Шумахер, Брайтон Университетінің профессоры Янис Питсиладистер қатысып, дәріс оқыды. Ғылыми конференцияда спортшылардың психологиясы мен кешенді жарыстар қарсаңындағы дайындығы және жарақаттан кейінгі сауықтыру мәселесі сөз болды. Сондай-ақ соңғы уақытта әлемдік спортты шарпыған даулы мәселе допинг төңірегінде де біраз әңгіме болды. Конференцияға қатысушылар Бокс академиясының жанынан ашылған спорттық медицина орталығымен танысты. Заманауи үлгіде жабдықталған оңалту орталығының елімізде баламасы жоқ, дейді мамандар.

Жігер Әзбергенов, ҚР ҰОК ресми өкілі:

– Мұнда кез келген уақытта медициналық орталық көмегіне жүгінуге болады. Бапкерлер дәрігерлермен кеңесіп отырып спортшының қай тұсына көбірек көңіл бөлу керек, қай жері сыр беріп жатыр. Соның барлығын бақылауда ұстап отыруына өте қажет. Жалпы осы орталыққа келген спортшылардың мәліметтері электрондық базаға енгізіледі. Бұл онлайн режимінде, яғни бапкерлерге басқа жерден оның жарақат алған кезеңдеріне қарап отыруға өте жақсы мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы