389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жаңадан салынған жол сапасы талапқа сай келмейді

  • 219
  • UPD: 23:53, 28.09.2019

Тараздағы жолдардың сапасы сын көтермейді. Былтыр ғана қыруар қаржыға жөнделген асфальттың кетеуі кетіп, ой-шұңқырлар пайда болған.

Жаңадан салынғандары да талапқа сай келмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде қоғам белсенділері мен тұрғындар әлеуметтік желілерге жазып, дабыл қағып жатыр. Мониторинг жасап, сараптама жүргізген мамандар да бір күнде осындай 7 көшені анықтады.

Тұрғындардың шағымы бойынша арнайы топ кезекті рейдке шықты. Жұрт бұған дейін асфальттың жұқа етіп төселіп жатқанын айтып наразылық білдірген.

Виктор Крамаренко, қала тұрғыны:

Бұл көшеде бұрын-соңды жол болмаған. Тегіс жолға енді жеттік пе дегенде сиқы мынандай болып тұр. Өте өкінішті. Асфальттың сапалы екеніне күмәнім бар. Бір қарағанда тегіс сияқты. Міне, қараңыздар. Төселмей жатып үгітіліп жатыр. Қалыңдығы әр жерде әртүрлі.

Николай Азвестопуло, қала тұрғыны:

Әсіресе, анау бөлігі жұқа. Оны мен ғана емес, көршілердің бәрі көрді. Ешкім қайта жөндемеді. Енді уақыт көрсетеді.

Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары олқылықты бірден тауып берді. Белгілі болғандай, мұнда асфальттың қалыңдығынан бөлек, жол салу технологиясы толық сақталмаған болып шықты.

Жолды салып жатқан мердігер компания өкілдері бар кінәні жұмысшыларға артып отыр.

Сәбит Ахмет, «Алтын бөбек» ЖШС-нің учаске басшысы:

- Анау бұрылыстан бастап міне, жол торабы көрініп тұр ғой. Мына жерге дейін дәл осы бөлігі түнге қалып кеткен еді. Сіздер сонда түнде сапасына қарамасыздар ма? Қараймыз ғой. Оның бәрі енді жұмысшылардың, мастерлердің қателігі. Қазір кеспей отырған себебі,м битуммен проблема болып, асфальт болмай жатыр.

Бұл мәселені қоғам болып көтермегенде жабулы қазан, жабу күйінде қалар ма еді кім білсін?

Қадіржан Мырзаев, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының инженері:

- Нехнодзор тоқтау керек қой жұмыстарды. Қалай ол сонда, негіздемесі тіпті дайын емес қалай ол сізге рұқсат берді асфальтты жабуға? Қайда анау қағаздағы жұмыстар актісі?

Бұл сұраққа түсінік беруден қалалық әкімдіктің өкілдері бас тартты.

Айтпақшы, бұл мердігер компания әлі 7 көшені жөндеп, жол төсейді. Оның да сапасы осындай болып шықпайтынына кім кепіл? Жылу және су жүйелерін жаңғырту мақсатында қазылып, кейін беті тегістелген қала көшелерінің де жағдайы мәз емес.

Қадіржан Мырзаев, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының инженері:

Технологияны дұрыс салып жатқан жоқ қой. Технология бойынша әр 30 сантиметр таптау жасау керек. Бұйрық бердік. Асфальт дұрыс емес деп. Тапталуы дұрыс емес. Бірақ олар бізді тыңдамай, асфальт салып жатыр.

Салдарынан қала тұрғындары ойдым-ойдым жолдармен жүруге мәжүр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы