389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Вирджиния штатындағы қазақ диаспорасы дәстүрлі бас қосуға жиналды

  • 205
  • UPD: 23:11, 28.09.2019

Оларға Мэриленд, Нью-Йорк және өзге штаттардағы қандастарымыз да қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұхиттың арғы жағына түрлі себептермен қоныс аударған отандастарымыз жиі бас қосып, қазақтың сал-дәстүрін сақтауға зор көңіл бөледі. Осы жолы Вашингтонға жақын жерде қазақ ауылы бой көтеріп, дастархан жайылып, түрлі ұлттық ойындар өткізілді. Жалпы мұнда Вирджиниядағы қазақ диаспорасы ең белсенді саналады. Оның өкілдері Америкада қазақ тілі курсын, «Балауса» балалар хорын, «Гүлдер» бишілер тобын құрған. Басқосу кешіне бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқан қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Мағауин де қатысты.

Мұхтар Мағауин, жазушы, тарихшы:

Біз наурыз сайын жиналамыз. Ал мына бас қосу жыл сайын өткізіледі. Бір-бірімізді тану үшін, қазақтығымызды ұмытпау үшін бас қосатын күн. Америка енді байтақ ел. Бай ел. Мұнда ешкім өзін бөтендігін сезінбейді. Әртүрлі нәсіл бар. Жалпы кең, ұлы халық.

Ерден Зықыбай, суретші:

Қазақстаннан асырап алған балаларға бір ойын жасайын дегем. Қазақстанның мәдениеті, тарихын үйрету үшін. Бұл балалардың қазақтарға қарағанда Қазақстан тарихынан мүлдем хабары жоқ. Сондықтан мен бұларға барлығын нөлден бастап түсіндіруге тырыстым.

Хабар 24 телеарнасы