389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңақорған ауданында қуатты күн электр станциясы тұрғызылады

  • 276
  • UPD: 10:13, 29.09.2019
Жаңақорған ауданында қуатты күн электр станциясы тұрғызылады espanarusa.com

26 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Kazakhstan ENERGY WEEK -2019 ХІІ Еуразиялық форумы шеңберінде ЕҚҚДБ және «ХЭК-К Т» ЖШС өкілдерімен кездесу барысында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және және «ХЭК-К Т» ЖШС арасындағы ынтымақтастық және «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қуаты 10 МВт болатын «Күн ЭС құрылысы» жобасын қолдау туралы келісімге қол қойды.

​Жоба Қазақстанның энергия теңгеріміне күн энергиясын өндіру бойынша 10 МВт белгіленген қуат қосып, Қызылорда облысындағы Жаңақорған аумағының маңында күн электр станциясын салуды көздейді.

​Қаржыландыру пакетіне ЕҚҚДБ-дан жергілікті валютамен, АҚШ долларымен 1,7 млрд теңгеге ($4,4 млн) дейінгі сомаға кредит, сондай-ақ GCF-дан $2 млн дейінгі сомаға кредит кіреді.
​Күн электр станциясын «ХЭК-К Т» ЖШС салатын болады. Осы жобаны іске асыру көмірқышқыл газының шығарындыларын кем дегенде жылына 13 тоннаға қысқартады деп күтілуде, станция жылына 14,8 Гвтсағ-дан астам электр энергиясын өндіретін болады.

Сондай-ақ күн ЭС елдің стратегиялық құжаттарымен қарастырылған жаңартылатын энергия көздері саласындағы нысаналы индикаторларына қол жеткізуге үлес қосады, аймақтарда қосымша «жасыл» жұмыс орындарын құруға және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы