389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімдігі жәрмеңкелерге қатысты айтылған сынға жауап қайтарды

  • 186
  • UPD: 23:49, 30.09.2019

Елордада өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысты арнамыздан өткен сыни материалға әкімдік өкілі пікір білдірді.

Негізінен сюжетте тауар бағасының қымбат болғаны және санитарлық шаралардың толық сақталмағаны айтылған еді. Кей сауда орындары дәретхана маңында тұрған. Бірақ бұл жәйтті әкімдік өкілі былай түсіндірді.

Жанар Бескемпірова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі басқармасы басшысының орынбасары:

- Жәрмеңкеде сатушылар көп болды. Барлығын орындармен қамтамасыз етуіміз қажет еді. Келесі жолы бұл мәселені ескереміз. 

Жәрмеңкеде Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері өнімдерін саудалай алады делінгенімен, елордалық кәсіпкерлер де бұл күні саудасын жасады. Мұны «қалыпты жағдай» деген басқарма басшысының орынбары бағаға қатысты да ойын айтты.

Жанар Бескемпірова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі басқармасы басшысының орынбасары:

- Баға кей тұрғындардың көңілінен шықпаған болар. Қаламызда бір миллион халық барын ескерсек, түрлі пікірлер айтылатыны орынды. Бәрінің көңілін табу мүмкін емес. Дегенмен, көпшілігі риза. Әлеуметтік желіде алғыстарын айтып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы