389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уақытша газсыз қалған Түркістан облысындағы елді мекендерге көгілдір отын берілді

  • 151
Уақытша газсыз қалған Түркістан облысындағы елді мекендерге көгілдір отын берілді

Түркістан облысының Төлеби ауданында табиғи газ қалпына келтірілді.

Естеріңізде болса, біздің арна тілшілері аудандағы 7 ауыл мен 2 ірі кәсіпорын көгілдір отыннан уақытша ажыратылғандын айтқан болатын. Құбырдағы орын алған ақаудан бір аптадан аса елді мекендерде газ болмады. Ал жергілікті әкімдік табиғи газ апатының салдарынан 33 миллион теңге шығынға батқан. Себебі газ құбыры аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына тиесілі. Сондықтан да бұл қаражат ендігі жерде газ таратушы мекемеге бюджет қаржысынан төленуі қажет. Бастапқыда тараптар келісімге келмегенімен, қазір барлық мәселе шешімін тапты, дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазір уақытша газсыз қалған елді мекендер түгелімен көгілдір отынды тұтынуда.

Хабар 24 телеарнасы