389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылдан бастап елімізде 5G желісі қолданылады

  • 312
  • UPD: 15:36, 01.10.2019

Елімізде 5G интернет желісі екі жылдан кейін қолданыла бастайды.

Жаңа байланыс алдымен елордада енгізіледі. Кейін басқа өңірлерге таратылмақ. Соның арқасында республика халқының 97 процентін кең жолақты интернет желісімен қамтуға мүмкіндік туады. Қалған 3 проценті спутниктік технологияны қолданады. Үкімет басшысы жаңа желінің құны тым қымбат екенін айтты. Сондықтан оны қолданысқа енгізбес бұрын басым бағыттарды анықтап алу қажет деді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– 5G байланысын енгізу тек телекоммуникация саласына ғана емес, өнеркәсіптің жаңа салаларының пайда болуына және дамуына серпін беріп, экономиканың дамуына елеулі үлес қосады. Бұл - әлемдік тренд. Алайда 5G – өте қымбат байланыс түрі. Сондықтан оны пайдаланудың басымдығын дұрыс анықтап алу қажет. Сондықтан 2020 жылға қарай алдымен Нұр-Сұлтан қаласында 5G-ді тиімді пайдалану жөнінде тиісті құжаттар әзірленуі керек.

Жаңа байланыс түрін енгізу үшін Үкіметтен қаражат бөлінбейді. Жауапты министрлік 5G қолданысқа енсе, тариф құны көтерілмейді деп сендірді. Қазір елімізде 117 қала мен 3 мың 324 ауылда кең жолақты интернет қолжетімді. Ол әртүрлі технологиялармен қамтамасыз етілген. Солардың ішінде талшықты-оптикалық желі, 3G және 4G желілері бар.

Асқар Жұмағалиев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

– 2019 жылғы алғашқы жарты жылдықтағы жағдай бойынша, талшықты оптикалық желілер 83 ауылдық елді мекенде іске қосылды. 2019 жылдың аяғына дейін 685 ауыл интернет желісіне қосылады. Ал 2020 жылы қалған 509 ауылды қосу жоспарлануда.

 

Хабар 24 телеарнасы