389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда зейнеткерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

  • 133
  • UPD: 23:50, 01.10.2019

Облыстық ардагерлер кеңесі мен спорт және дене шынықтыру басқармасы ұйымдастырған бәсекеге 16 ауданнан 24 зейнеткер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ең жасы 63-те болса, ең үлкені 85-те.

Тастаяқты жанына серік еткендердің бірі – Кәрібай Досанбаев. Сексеннен асқан қария өмір бойы дәрігер боп қызмет істеген. Қазір зейнеткер қолы қалт етсе, бильярд ойнайды. Өзі дәрігер болғандықтан бұл ойынның денсаулыққа пайдасы зор екенін жақсы түсінеді.

Кәрібай Досанбаев, жарысқа қатысушы:

- Мысалы үшін 1 сағат ойнайтын болсаңыз, 10-15 шақырым жүргендей боласыз. Біріншіден, жүріп қан айналымы жақсарады. Екіншіден, көзге әсер өте жақсы. Мен бұрын +1,5 көзілдірдік тағатынмын. Қазір бәрін көзәйнексіз оқимын. Себебі, ойын көзге өте пайдалы, массаж болады. Жақсы әсері бар.

Жарысқа облыстың 16 ауданынан 24 зейнеткер қатысты. Олардың ең жасы 63-те болса, ең үлкені 83-те. Барлығы да бұған дейін көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып, тастаяқты ұршықша иіргендер. Республикалық деңгейдегі төреші Абдіғай Бекжанов сайысқа кіл мықтылар қатысып жатқанын айтты.

Әбдіғай Бекжанов, жарыстың бас төрешісі:

- Біздің қарттарды бүгінгі Халықаралық қарттар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бильярд ойыны кейінгі кезде өте дамып, қарттар арасында да өз орнын тауып отырған жағдайы бар. Биыл Түркістан облысында екінші рет осындай жарысты өткізіп отырмын. Бас төрешімін. Өзім 83-ке келдім, осы жасқа дейін ойнап жатырмын.

Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Жалпы Түркістан облысында 160 мыңдай зейнеткер тұрады. Оның 60-қа жуығы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 10 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы