389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау ортасындағы мұнайға толы алты апан мен май қазандығының жыры аяқталар емес

  • 126
  • UPD: 20:48, 02.10.2019

 

Бұған дейін де біздің тілшілеріміз Атырау көшелерінен екі жүз метр жерде мұнай қалдықтарын көріп, дабыл қаққан болатын.

Арада ай өтті. Ластанған жерді тазалау жөнінде берілген нұсқаманың да мерзімі өтті. Бірақ жауапты мекемеден еш хабар жоқ.

Май қалқыған апандардан «Восток» ықшам ауданы 200, ал «Химиктер» қалашығы төрт метр қашықтықта орналасқан. Мұндағы тұрғындар күн ыстықта көтерілетін мұнайдың иісіне еттері өліп кеткендей. Дегенмен шыдамның да шегі бар. Олар тамыз айында редакциямызға шағым айтып келген болатын. Біз мәселені көтердік. Құзырлы органдар құлышына іске кіріскен. Тіпті халық қалаулылары да қолдап отыр. Бірақ әлі нәтиже  жоқ.

Әлібек Семғалиев, қалалық мәслихат депутаты:

– Бұл мәселе қалай болғанда да біздің экологиямызға қатысты болғасын, орын тазалануы керек. Біз депутаттар ретінде осыны қадағалаймыз. Соңына дейін тазалануына қол ұшымызды тигіземіз.

Бірақ әлі күнге тазалық шарасы басталмапты. Облыстық экологиялық департаменттен білгеніміз. Олар тексеру жүргізіп, соның негізінде жер иесі «Қазақстан теміржолы» акционерплік қоғамы ұлттық компаниясына нұсқау жолдапты. Тіпті орындалу мерзімін де нақтылған.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Мұнай көлшіктерін тазартуға берілген 1 ай мерзім аяқталды. Алайда теміржолшылар тарапынан қозғалыс жоқ. Қолдан жасалған 7 көлшікпен май қазандарынан аққан қара май буланып, айналаны аяусыз ластауда. Қазақстан теміржолы сында алып компанияның тіпті, экологтардың заңды талаптарына да мойынсұнар түрі көрінбейді.

Дегенмен құзырлы органдар қол қусырып қарап отырған жоқ. Экология департаменті жер иесіне жіберген нұсқаудың жауабын күтулі. Оның мерзімі 3 қазанда бітеді екен.

Ерлан Кадилов, Атырау облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор:

– Департаментпен берілген нұсқама орындалмаған жағдайда департамент тарапынан ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес іс қозғалады. Сосын сот органдарына қарау үшін жолданады.

Сондай-ақ бұл жағдайды табиғат қорғау прокуратурасы да бақылауға алмақ. Егер сот шешімі шықса, барлық құзырлы органдар бірлесіп, заң шеңберінде шара қолданбақ. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы