389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын нығайтқан Нахчыван келісіміне 10 жыл толды

  • 175
  • UPD: 16:54, 03.10.2019
Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын нығайтқан Нахчыван келісіміне 10 жыл толды

Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығын нығайтқан Нахчывань келісіміне 10 жыл толды.

Атаулы датаға орай елордада бауырлас елдердің елшілері мен дипломаттары және зиялы қауым өкілдері бас қосты. Олар осы он жылда жүзеге асырылған жұмыстарға көз жүгіртіп, болашаққа жоспар жасады. Түркі академиясында өткен жиын түркітілдес елдердің Бакуде өтетін саммиті қарсаңында ұйымдастырылды. Сол жиында кеңеске Өзбекстан мемлекеті толық мүше ретінде қосылмақ. Ал тамырын ғұн тайпаларымен байланыстыратын Венгрия бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие болады. Жиын соңында түркология саласының дамуына сүбелі үлес қосқан академик Мырзатай Жолдасбеков пен профессор Әділ Ахметов халықаралық Түрік академиясының Вильгельм Томсен атындағы медальмен марапатталды.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Елбасының тапсырмасы бойынша саммиттің тапсырмасы бойынша, Түркі академиясы ортақ тарих оқулығын аяқтап шықты. Қазір Қазақстан, Әзербайжанда және Түркияда оқытылып жатыр. Түркияда 30 мыңнан астам бала таңдаулы пән ретінде таңдаған. Әзербайжанда да солай. Қазақстанда биыл біздің есебіміз бойынша 10 мыңнан аса адам осы пәнді таңдады. Қазір ортақ география және ортақ әдебиет оқулығы да дайын тұр.

Хабар 24 телеарнасы