389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жыл басынан бері ақбөкен аулағандарға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды

  • 96
  • UPD: 14:06, 06.10.2019

Батыс Қазақстан облысында ерекше қорғалатын дала жануарларын заңсыз аулау дерегі тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері киіктерді қырып салған қаскөйлерге қатысты 15 қылмыстық іс қозғалыпты. Ақбөкен атаулыны баудай түсіріп, мүйіздерін кесіп алған 6 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз аң аулау салдарынан мемлекетке 25 миллион теңге көлемінде залал келген. Киіктердің өмір сүру аумағының ұлғаюымен бірге оларды қорғау да қиындай түседі. Бұл аса жауапты міндетті орындау «Охотзоопром» кәсіпорнында еңбек ететін 46 қызметкерге жүктелген. Киіктерге әуеден бақылау жасау үшін арнайы дрондар мен қосымша адамдар қажет. «Бірақ түйткілді мәселенің түйіні тарқау үшін қаскөйлерге қолданылатын жаза қатая түсуі тиіс»,- дейді сала мамандары.

Арман Ізімғалиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының жетекші маманы:

- Жануарларды қорғаймыз деп әріптестеріміз қаза болды. Осы орайда біздің Президентіміз ерекше тоқталып, алдағы уақытта заң аясында инспекторлардың браконьерлерге қарсы төтеп бере алатындай жобалар әзірленіп жатыр. Ол әрине, көз қуантарлық жағдай.

Хабар 24 телеарнасы