389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері бір күнде 70-тен астам рет ереже бұзды

  • 76
  • UPD: 10:59, 11.10.2019

Көкшетауда көлік жүргізушілері бір күнде 70-тен астам жол ережесін бұзды. Бұл туралы Ақмола полициясы республикалық «Автобус» рейдінің алғашқы күнінен кейін хабарлады.

500-ге жуық тәртіп сақшылары облыс жолдарына шықты. Олардың айтуынша, жүргізушілердің көпшілігі көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады.  Сонымен қатар, автобустардың міндетті техникалық тексеруден өтпегендігі туралы 2 дерек анықталды. 7 жүргізушіге қатысты дұрыс жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полицияның айтуынша, жол қозғалысы ережелерін сақтамау апаттың айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін. Жыл басынан  бері облыста жолаушылар көлігі жүргізушілері 6 жол көлік оқиғасына себепкер болды. 

Әсия Шәрімова, автобус паркінің директоры:

- Кеңес өтеді, сол кеңесте сөгіс беріледі, қайта бұзып жатқан жағдайда қайтадан сөгіс жарияланып, белгілі мөлшерде айыппұл салынады. Жол қозғалыс ережесі бойынша сынақты қайта тапсыруға жібереміз. 

Ризахмет Жанбеков, облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Басты мақсат пен міндет жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету. Жүргізушілердің әкімшілік құқықбұзу фактілерін анықтау жедел алдын алу шаралары арқылы жолаушылар тасымалы басқармасымен, көліктік бақылау инспекциясымен бірге жүзеге асырылады. Заңсыз бағыттар мен заңсыз тасымалдаушыларды анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы