389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильмнің қашан шығатыны белгілі болды

  • 173
  • UPD: 16:10, 11.10.2019
Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильмнің қашан шығатыны белгілі болды tengrinews

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген «Соқыр махаббат» фильмін экранға шығаруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматыда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанау жарыстарында Тимур Бекмамбетов түсірген көркем фильмнің үзіндісі көрсетілді.

«Тимур Бекмамбетовтің фильмі дайын. Тұсаукесері келесі жылы болады. Қай күні екені әлі нақтыланған жоқ. Фильм Голливудта голливуддық актерлермен бірге түсірілді», - деді Денистің анасы Оксана Тен.

Бұған дейін Бекмамбетов Денистің BAZELEVS студиясында өткізілген байқауда жеңгенін, оны сценарий ғана емес Денистің адами қасиеттері де тәнті еткенін айтқан болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы