389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі көпбалалы отбасылардың 25%-тен астамы Түркістан облысында тұрады

  • 161
  • UPD: 08:07, 12.10.2019
Еліміздегі көпбалалы отбасылардың 25%-тен астамы Түркістан облысында тұрады

Елімізде тұратын көпбалалы отбасылардың 25%-тен астамы Түркістан облысында тұрады.

Өңірде 87 мыңға жуық отбасы осы санатқа жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистикаға сүйенсек, 57 мың шаңырақта 4 баладан, 508 отбасында 7 және одан да көп бала бар. Қазір көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа заң жобасы талқылану үстінде. Қабылданса, жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Сол кезде көпбалалы отбасылардың барлығы табысына қарамай 42500-ден 73,5 мың теңге аралығында қаржылай жәрдемақы алады. Сондай-ақ көпбалалы аналар бала санына қатысты берілетін көмекті алу үшін анықтама жинап сабылмайды. Тек өз мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берсе, болғаны. Қалғаны бірыңғай базада реттеледі. Сонымен қатар келер жылдан бастап тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың табысын арттыру мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылмақ. Аталған бағдарлама бойынша төмен пайызбен ұзақ мерзімге несие беріледі. Кәсіп ашқысы келгендерге арнайы гранттар тағайындалады.

Әсия Темірбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Көпбалалы отбасыларды біз арнайы категория ретінде есептеп отырмыз. Сондықтан өзінің үлесін мемлекет тарапынан көрмек алып отыру керек деген мәселе. Мына жерде көріп отырсаңыздар, әр балаға 10-11 мың теңге көлемінде тағайындалады және төленетін болады. Оның барлығы жергілікті бюджет арқылы есептелінеді.

Хабар 24 телеарнасы