418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы мен Екатеринбург арасында әуе рейсі ашылады

  • 623
Алматы мен Екатеринбург арасында әуе рейсі ашылады

22 желтоқсанда Ural Airlines әуе компаниясы Екатеринбург пен Алматы арасында жаңа рейсті іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпара ҚР ИИДМ Азаматтық авиация қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер аптасына екі рет A320 типті әуе кемелерінде орындалады. «Екатеринбургтен жұма және жексенбі күндері сағат 22:00-де, Алматыдан - дүйсенбі мен сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 07:15-те ұшатын болады. Ұшу ұзақтығы - 3 сағат», – делінген хабарламада. Ural Airlines – ірі ресейлік әуекомпаниялардың бірі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ол 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған.

Хабар 24 телеарнасы