388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда дәстүрлі республикалық патриоттық ән арт-фестивалі өтті

  • 176
  • UPD: 19:56, 16.10.2019
Петропавлда дәстүрлі республикалық патриоттық ән арт-фестивалі өтті

Ел ішіндегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалайтын полицейлер Солтүстік қазқстан облысында өнер жарыстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әр жүректе – туған жер» атауымен Петропавлда дәстүрлі республикалық патриоттық ән арт-фестивалі өтті. Ақтық сайыста өнерлі тәртіп сақшылары рухты серпілтер туындыларды орындап, көрерменге тамаша концерттік бағдарлама ұсынды.

Айта кету қажет, мәдени шара биыл «Жастар жылы» аясында өткізіліп отыр. Оған 14 өңірден команда қатысып, «Дуэт», «Трио», «Квартет» аталымдары бойынша бақтарын сынады.

Айдар Сайтбеков, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы, қазылар алқасының төрағасы:

- Біз Тәуелсіздік алған күннен бастап Ішкі істер органдары арасында, біздің полиция қызметкерлері арасында «Әр жүректе – туған жер» деген арт-фестивальді жыл сайын ұйымдастырып жатырмыз. Біз жылдың басынан бастап кеттік бұл фестивальді. Өңір-өңірде, әр облыста өтеді. Біздің еліміздің патриоттық әндері, елді сүю туралы әндер, әскери әндер айтылады. Енді полиция қызметкерлері арасында болғандықтан, сол жаққа көңіл аударамыз.

Хабар 24 телеарнасы