387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл маңындағы қоқыс полигонында тиісті талаптар сақталмайды

  • 203
  • UPD: 13:36, 18.10.2019
Петропавл маңындағы қоқыс полигонында тиісті талаптар сақталмайды

Петропавл қаласы маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тиісті талаптар әлі күнге дейін сақталмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен экологтар соңғы жылдары үш бірдей жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Яғни, мұнда қалдықтарды рәсімдеу жүйесі ретке келтірілмеген. Қоқыстарды тығыздау жұмыстары мүлдем орындалмайды. Өйткені жауапты кәсіпорында қажетті техникалар жетіспейді. Салдарынан жаз айларында ол өздігімен өртеніп қоршаған ортаны ластайды. Ал, түтінге әсіресе «Жұмысшы кенті» мен «Береке» ықшам аудандарының тұрғындары тұншығады. Жалпы бүгінгі күні өңірде 460 осындай қоқыс полигоны бар. Олардың тек 17-сінің ғана қажетті құжаттары бар.

Азамат Бектасов, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- 2019 жылдары аралығында тағы да 3 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Осы қалдықтардың жану фактісі бойынша тағы да айыппұл салынып, талап-арыз қойылып, тексеріс жабылды. Осы талап-арызды орындамаған үшін 462-баппен біз айыппұл салып, бүкіл материалдарды сотқа жіберілді. Соттық шешімі бойынша 200 АЕК ретінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы