419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық деректі және көркем хикаялар шетелде көрсетіледі

  • 638
  • UPD: 15:36, 18.10.2019

«Хабар» Агенттігі» қатысқан теле және кино өнімдері саласындағы ауқымды көрменің қорытынысы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, телевизия саласындағы шетелдік мамандармен ортақ жоба жүзеге асырылатын болды. Францияда өткен халықаралық MIPCOM аудиовизуалды көрмесінің қорытындысы келесі бенематериалда.

Алия Сыздыкова, тілші:

- 8К форматындағы алғашқы көрсетілімдер, әлемдік киноалыптардың жаңа туындылары, тұсаукесерлер. Дәл осы нарыққа «Хабар» Агенттігі» толыққанды ойыншы ретінде осымен үшінші мәрте қатысып отыр. Оған дейін қазақстандық телеарналар көрмеге тек сатып алушы ретінде келетін. Ал, бүгінде «Хабар» өзі өндірген туындыларын ұсынды.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл сапар өте жемісті болды. Қазақстандық арналардың осындай ауқымды шараларға қатысуы өте маңызды. Менің ойымша, көрмедегі отандық өнімдердің барлығын бір стендке біріктіру керек. Өйткені «Қазақстан», «Хабар» Агенттігі» деген жазуларға назар аударғандар көп. Көбісі контентке қызығушылық танытты.

«Хабар» Агенттігі» 4 күн ішінде оннан астам келіссөздер өткізді. Қорытындысы бойынша отандық өнімдерді сатып, шетелдік туындылар алынды. Сондай-ақ жаңа жоба түсіру үшін серіктестіктер орнатылмақ.

Гийом Рой, продюсер:

- Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық көрме кезінде алғаш рет Қазақстанда болып едім. Онда Францияның павильонында қызмет еттім. Еліңіздің астанасы, мәдениеті, дәстүрлері ұнағаны соншалық қайта барғым келіп жүр. Ол үшін француздық арнамен бірге түсіретін жоба алып бармақпын. Жаңа Жібек жолы туралы тың дүние дайындамақпыз.

Жаңа Жібек жолы туралы бағдаралманы авторлар ARTE телеарнасынан көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл мәдениетке бағытталған Еуропадағы ең ауқымды арна. Сондай-ақ, «Хабар» Агенттігінің» Kazakh TV арнасы енді Армения көрермендеріне жол тартпақ. Жалпы қазақстандық телеөнімдерге Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Пәкістан және Италия аса қызуғулышық танытқанын айта кетейік.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы