388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Каталониядағы ереуілдерге қатысты ескерту жасады

  • 107
  • UPD: 23:37, 21.10.2019
ҚР СІМ Каталониядағы ереуілдерге қатысты ескерту жасады

Каталониядағы ереуілшілер туристерге тиісіп жатқан жоқ. Бірақ бұл қауіпсіздікті ұмытып, қаперсіз жүру керек деген сөз емес, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМ мәлімдеп, Каталонияға бару қауіпті екенін ескертті. Өйткені шеруге жиналған жұртты басқару мүмкін емес. Сол себепті кез келген адам аяқ астынан зардап шегуі мүмкін. Осы кезге дейін Қазақстанның Барселонадағы консулдығына отандастарымыз осы секілді деректер бойынша ешбір жүгінбеген.

Хабар 24 телеарнасы