411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бекеттердің жабылуы патрульдік полиция жасақтарын арттыруға мүмкіндік берді

  • 414
  • UPD: 23:58, 24.10.2019
СҚО-да бекеттердің жабылуы патрульдік полиция жасақтарын арттыруға мүмкіндік берді

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Келлеровка» және «Мамлютка» бекеттерінің жабылуы патрульдік полиция жасақтарының қатарын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Ал жол сақшылары көбейген соң ережені елемейтін жүргізушілер де күрт кеміген. Аймақтағы бірқатар республикалық маңызы бар трассалардың қауіпті деген учаскелеріне жылдамдықты анықтайтын арнайы ақпараттық таблолар орнатылды. Бұл жұмыстар жол көлік апатынан болатын адам өлімін азайтуға сеп болған. 

Баян Байғаскина, жергілікті полиция басқармасы қызметінің инспекторы:

- Өткен жылы жол көлік оқиғаларының саны 127. Биылғы жылы 124 тіркелді. Оның ішінде 2018 жылы 39 адам қайытс болды. Ал биылғы жылы 17 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы