378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте нысана көздеу мен стенд атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

  • 251
  • UPD: 21:36, 25.10.2019
Шымкентте нысана көздеу мен стенд атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Шымкент қаласында нысана көздеу мен стенд атудан 28-ші Халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа Италия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен әр жас санаты бойынша мергендер қатысуда. Сондай-ақ осы сайыста «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары, Олимпиада мен Азия біріншілігінің жеңімпаз-жүлдегерлері де бақтарын сынайды. Спорттық шара 28 қазанға дейін жалғасып, жеңімпаздар да сол күні белгілі болады.

Айта кетейік, аталған спорт түрінен негізгі ұлттық құрамамыз Кувейт елінде жаттығып, келер айда Қатарда өтетін Азия чемпионатында 37 олимпиадалық лицензияны сарапқа салады.

Олег Почивалов, ISSF спорттық ату түрлерінен Қазақстан федерациясының бас хатшысы:

- Нысана көздеу мен стенд атудан Владимир Почивалов құрметіне арналған дәстүрлі 28-ші турнир өтіп жатыр. Осыған орай спорттық атуға арналған жаңа алаңдар ашылып жатыр. Қазір барлығы 7-еу. Бұл Азия құрлығындағы ең ірі кешен болмақ. Жеке инвестиция тарттық. Енді ұлттық құрамамызға халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетеді деген үміттеміз

Хабар 24 телеарнасы