378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қосшы ауылында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын

  • 330
  • UPD: 17:47, 28.10.2019
Қосшы ауылында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын 7kun

Ақмола облысындағы Қосшы ауылына алдағы екі жылдың ішінде 1200 орындық 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта жеке инвестор «Қазына-SR» ЖШС есебінен Қосшы ауылында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Онда 1 қарашадан бастап республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс беру жоспарлануда», - деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі сондай-ақ биыл Қосшы ауылына 5,4 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтып өтті.

«Бұл қаржының ішінде 2 млрд теңге 28 км көше жолдары желісінің құрылысына, ал 1,5 млрд теңге су жүйелерінің құрылысына бөлінген», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта бұл ауылда мекетептен бөлек емхана мен 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы