385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да облыстық сот қағазбастылықтан арылды

  • 131
  • UPD: 14:40, 01.11.2019

Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары  сот өндірісінің жұмысы жеңілдеп келеді. Елімізде алғаш болып электронды форматқа көшкен облыстық сот қағазбастылықтан арылған. Ең көп түзету мекемесі орналасқан аймақ үшін бұның маңызы зор. Өйткені тек қылмыстық істер бойынша  сот коллегиясы жыл басынан бері  2,5 мың істі  онлайн режимде өткізіпті. Осылайша салада қаржыны да, уақытты да үнемдеуге қол жеткізілген.

Бұл сотталушыдан түскен арызға сай оны мерзімінен бұрын босату туралы істі қарау барысы. Бастапқыда Жарма аудандық соты Александр Черненконың өтінішін  қанағаттандырмапты. Содан соң ол облыстық сотқа арызданған. Александрдың өзі залға келген жоқ. Барлық байланыс бейнеқосылу арқылы өтті.

Александр Черненконың арызы әп-сәтте қаралды. Оны  шартты түрде мерзімінен босату туралы шешім шығарылды. Сандық форматқа енбеген бұрынғы кезде бұл шаруа біршама уақыт алар еді.

Кәкен Сейітов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы:

- Сот үшін де жауап беретін адам үшін де тиімді, себебі оның уақытын алмайы,қаражат шығарылмайды, біз де ол адамды іздестіріп мекен жайына барып жүрмейміз.

Онлайн режимнің  оң ықпалы куәгерлер үшін де ыңғайлы. Қай жерде болса да куәлік етіп,өз сөзін айтады. Мысалы, мына азамат Семейде жүрсе де сот барысына қатысуға мүмкіндік алыпты.

Қандай да бір құжаттарды басып шығару олардың көшірмелерін жасап,тиісті жерге жеткізу сынды жұмыстар бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінгенмен,үлкен қаражат жұмсалады. Осыдан 4-5 жыл бұрын тек  хабарламаларды сотқа қатысушы тараптарға пошта арқылы таратуға ондаған миллион теңге жұмсалған.

Айгерім Хайруллинова, ШҚО соттар әкімшілігінің орынбасары:

- Егер 2014 жылы біз  почта арқылы сот тараптарына қағаз жүзінде сотқа шақырту қағаздарын жолдап отырсақ, ол өз кезегінде 310 теңгені құраған, ал қазір  смс арқылы сотқа шақырамыз,ол 4 теңге жылы пошта шығыны  30 миллион теңге болса, қазір 10 миллион теңгені құрап отыр. Көріп отырғандарыңыздай 3 есе экономия.

Сонымен қатар тұрғындар арнайы қосымша арқылы сотқа түсірген арызының қай сатыда екендігінен хабардар бола алады. Айта кету керек, қазір облыстағы Аягөз, Үржар,Курчатов, Көкпекті сынды шалғай аудандарда виртуалды сот жобасы енгізілген. Осылайша  бұндай жүйе бойынша  жыл басынан бері 170-тен астам іс қаралыпты.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы