432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бес бағыт бойынша қатынайтын троллейбустар тоқтап қалды

  • 501
  • UPD: 22:04, 05.11.2019
Алматыда бес бағыт бойынша қатынайтын троллейбустар тоқтап қалды

Алматыда бес бағыт бойынша жүретін троллейбустардың тең жартысы тоқтап қалды.

Кеше кешкісін қаладағы қосалқы станцияда болған апат салдарынан қуат алатын кабельдер үзіліп кеткен. Қазір апат болған жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Егер бүгін қосалқы станциялардағы жұмыстар толықтай аяқталса, ертең троллейбустардың барлығы өз бағыттары бойынша жолға шығады.

Бекболат Бердібаев, Алматыэлектротранс ЖШС  электр қызметтері бөлімінің басшысы:

- Біз қазір жұмыс жасап жатырмыз. Екі вотта да екі вотымыз екі подстанцияның рабочий воттары кетіп қалып жатыр. Енді болып жатқан қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз. Мұның бәрі уақытша бүгін ертең расписаниені дұрыстауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы