420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ауыспалы көлік қозғалысы енгізілуі мүмкін

  • 606
  • UPD: 16:14, 06.11.2019
Елордада ауыспалы көлік қозғалысы енгізілуі мүмкін

Елорда жолдарына қозғалыс жолақтары ауысып отыратын реверсивті қозғалыс енгізілуі мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов айтып берді.

«Бұл бастаманы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы әкімдікте өткен жиналыста көтерген. Оқу жылы басталған соң елорда жолдарында кептеліс көбейді. Мәселен, Қабанбай батыр даңғылын алсақ, оның ар жағында 30 мың адам тұратын Қосшы ауылы бар. Таңертең Қосшыдан қалаға қарай көлік ағылады, кешке керісінше қаладан ауылға көлік көбейеді. Әрине, кептеліс туындайды, қозғалыс қиындайды. Осы мәселені шешу үшін реверсивті көлік қозғалысын қарастырып отырмыз, бірақ нақты шешім қабылданған жоқ», - деді Мақсат Байболов Орталық коммуникациялар қызметінде берген сұхбатында.

Оның айтуынша, барлығын егжей-тегжейлі саралап шығу қажет.

«Кептелістің қай уақытта көбейетінін, қай уақытта қозғалысты ауыстыру қажеттігін анықтау керек. Бұл шешім жақын арада қабылданбайды. Шамамен тағы бір ай қажет», - деді комитет төрағасы.

Хабар 24 телеарнасы