384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқырау жылдары кәсіпкер әйел ашқан демалыс орталығы толыққанды тынығуға мүмкіндік береді

  • 196
  • UPD: 10:10, 07.11.2019

Кенді шаһарда кәсібін дөңгелетіп отырған Жібек Бектұрова 1970 жылы Ресейдің Саратов облысынан көшіп келген. Содан бері өмірі Текелімен тікелей байланысты.Осы қалада тұрмысқа шығып, бала-шағасын өсірді. Ал тоқырау жылдары кәсіп бастап, еселі еңбегімен елге танылды. Іскер жанның жетістікке жету жолы туралы тілші тарқатады.

Жібек Бектұрова демалыс кешенінің қалай салынғанын сағаттап айтып бере алады. Қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары күні кешегідей көз алдында. Іскер жанның кәсіпкерлікке келуі оңай болмапты. Тоқсаныншы жылдардың соңында қосағынан айрылып, екі баласымен жалғыз қалған екен. Тағдыр соққысынан ес жиған соң ғана өз ісін ашуға кіріседі. Мақсатына жету жолында аянбай еңбек етіп, мемлекет көмегін де тиімді пайдаланыпты. 

Жібек Бектұрова, кәсіпкер: 

- Мемлекеттік қолдау айтарлықтай көмек болды. Текеліні моноқала қатарына жатқызып, 14 пайызбен несие берді. Соның 10 процентін мемлекет өтейді. Ал 4 процентін біз төлейміз. Осындай жеңілдетілген несиенің арқасында біз бассейн салып алдық.  

Білікті басшы ісі ілгерлеп, табысы молая бастаған соң кешен қызметін әртараптандыруды қолға алған. Жазғы бассейннен кейін қыста шомылатын орын салғызды. Қазір ол жерден кісі қарасы үзілмейді.        

Бауыржан Бақытжанұлы, қала тұрғыны: 

- Бұл бассейн туралы айтқым келетіні суы өте таза. Өзіме ұнайды. Отбасымен тамаша уақыт өткізуге болатын әдемі жер деп айтуға келеді. скл денсаулыққа өте пайдалы.  

Жібек Бектұрова кәсіпкер ғана емес, ардақты ана. Сондықтан  қарамағындағыларға да аналық мейіріммен қарайды. Қоғамдық шараларға белсене атсалысып, қайырымдылық жасап отырады.  

Гүлнұр Төлеужанова, қонақүй әкімшісі: 

- Қызметкерлер жұмысқа қуана келеді. Өйткені біз үлкен бір отбасы сияқтымыз. Ауызбірлікте жұмыс істейміз. Әр қызметкер кешенді дамыту жайында өз ұсынысын айтып, енгізіп отырады. Біз уақыт талабына сай қызмет көрсетеміз. 

Ер азаматтың иығына салмақ салар кәсіпті ілгерлетіп отырған Жібек Бектұрованың болашақтағы жоспары ауқымды. Іскер жан ойға алған шаруаларын тыңғылықты ісімен, еселі еңбегімен жүзеге асырып,  көпшіліктің кәдесіне жаратпақ.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы