384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың бірқатар маңызды нысанында жарық әлі жоқ

  • 184
  • UPD: 15:25, 11.11.2019
Елорданың бірқатар маңызды нысанында жарық әлі жоқ

Елорданың «Бәйтерек» монументі, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, «Керуен», Ұлттық кітапхана және Ұлттық мұрағат ғимараты әлі де жарықсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысандарды электр қуатына қосу ісі жүргізілуде. Ал 9 көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер үйі, Үкімет үйі мен Жоғарғы сотта бұл мәселе шешімін тапты.

Еске салайық, кеше сол жағалаудағы электр станциясында өрт шығып, төтенше жағдай туындаған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдегендей, өрт сөндірушілердің қауіпсіздігі үшін кейбір тұрғын үй кешендері мен ғимараттарды жарықтан ажыратуға мәжбүр болған. Соның салдарынан халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov порталы және «Қазпошта» қызметтерінде уақытша кедергілер туындауы мүмкін екендігі хабарланған.

Хабар 24 телеарнасы