417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына арналған монета бейнесіне байқау жариялады

  • 908
  • UPD: 17:20, 11.11.2019
Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына арналған монета бейнесіне байқау жариялады

Қазақстан Ұлттық банкі «Жеңіс монетасын жаса!» монеталарының үздік бейнеленуіне арналған ашық байқау жариялады.

«2020 жылы бүкіл ел үшін маңызды және айтулы мерейтойлық күн – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихында терең із қалдырды. Бұл мереке бір жағынан қуанышты, екінші жағынан - қайғылы, себебі ел есінде әскери жылдардың өлшеусіз қиындықтары мен халықтың мәңгілік ерлігі сақтаулы. Қазақстан Ұлттық банкі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту шеңберінде 2019 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтарының арасында «Жеңіске 75 жыл!» тақырыбына монеталардың үздік бейнеленуіне арналған ашық байқау жариялайды», - делінген хабарламада.

Байқауды негізгі мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау және көтермелеу, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін беру және Жеңіс күні мерекесінің бірегей пайымдауын ұсыну.

«Конкурстық жұмыстар қоса алғанда 2019 жылғы 11 – 25 қараша аралығында қабылданады. Бір автордан бір жұмыстан артық қабылданбайды. Конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 2 желтоқсанда жария етіледі», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Конкурстық жұмыстар Қазақстан Ұлттық банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаментіне «Жеңіс монетасын жаса!» белгісімен 050040, Алматы қ., Көктем-3, 21-үй мекенжайы бойынша жіберіледі.

Сондай-ақ жұмыстарды masheyeva.a@nationalbank.kz электронды поштасына жіберуге болады.

Байқаудың негізгі тәртібі мен талаптары Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсындағы «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылған.

Хабар 24 телеарнасы