384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаумен күрес күшейеді

  • 215
  • UPD: 13:53, 13.11.2019
Ақтөбе облысында заңсыз аң аулаумен күрес күшейеді

Ақтөбе облысында заңсыз киік атқан 9 адамның ісі соттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Шалқар және Әйтеке би аудандарының аумағында заңсыз аңшылық құрған. Ұсталғандардың үстінен бұған дейін қылмыстық іс қозғалған еді. Табиғат дүниесін қорғаумен айналысатын «Охотзоопром» мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, ерекше бақылауға алынған аң-құстардың қатарында ақ бөкендер де бар. Сондықтан да жануардың жайылымы, көшуі инспекторлардың назарынан тыс қалмайды. Ал заңсыз аң аулаушылармен күрес алдағы уақытта күшеюі мүмкін. Қазір мекеменің өңірлердегі филиалдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Жаңа көліктер алынып, қызметкерлер арнайы курстарда оқытылып жатыр.

Сәбит Дүйсекенов, «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының басшысы:

– Қазір біздің комитет Үкімет үйімен жаңа заңнамалар жасап жатыр. Біздің автокөліктеріміздің үстіне СГУ мегалка қондырылады. Инспекторларымыз ІІМ академиясына жіберіліп, курстардан өтіп келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы