427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жерсеріктер құрастырылуы мүмкін

  • 1056
  • UPD: 17:10, 13.11.2019
Қазақстанда жерсеріктер құрастырылуы мүмкін

Қазақстанға қажетті жерсеріктердің келесі легі өзімізде құрастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі» атты халықаралық форумда «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясының өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, өткен жылы шетелдік Air Bus компаниясымен бірлесіп жасаған жерсерік ғарышқа сәтті ұшырылған. Сондықтан олар ендігі ғарыштық аппараттарда қазақстандық үлестің басым болатынына сенімді. Форум елордада осымен жетінші рет ұйымдастырылды. Онда 25 елден келген ғарыш саласының 650-ден астам сарапшысы бас қосты. Жиын барысында Қазақстанның ғарыш жүйесінің жетістіктері мен перспективалары сөз болды. 

Нұрахмет Жәнібеков, «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясының жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Біздің компания жерді қашықтықтан зондтаудың өз бағдарламасын таныстырды. Аталмыш бағдарлама ғарыштан түсірілген суреттерге сараптама жасайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласына, Төтенше жағдайлар комитетіне, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға ақпарат беріледі. Мұның барлығы Қазақстанның жерді ғарыштан бақылау бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы