376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазартуды тапсырды

  • 326
  • UPD: 15:13, 14.11.2019
Қ.Тоқаев Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазартуды тапсырды depositphotos.com

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

«Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті. Біз Бурабайдың ғажап табиғатын өскелең ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін тиісті министрлікке мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Қазақстан Президенті.

Ал мұның алдында ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысып жатқанын хабарлағанбыз.

Сонымен қатар елордалық тұтынушыларды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы