423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азық-түлік бағасына бақылау күшейіп, жауаптылар тәртіптік жазаға тартылады

  • 666
  • UPD: 19:51, 18.11.2019

Өңірде азық-түлік бағасы негізсіз өссе, әкім орынбасары жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осындай ұсыныс айтты.

Айтуынша, бірқатар өңірде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы өсіп кеткен.

«Азық-түлікке баға өсіп жатыр, бақылау қайда?», деп Президент жауаптыларды сыңға алған еді. Бұл мәселені орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үйлестіре алмай отырғанын айтты. Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызды тауар түрлері қымбаттаған. Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда жеміс-жидек, нан мен сиыр етіне баға белгіленген шектен асып кеткен.

Жыл басынан бері шекті баға 15%-ке өскен. Оның ішінде қарақұмық жармасы 62,9, ұн 27,8, күріш 32,3%-ке қамбаттаған. Керісінше, күнбағыс майы 0,4, картоп 3,4, сәбіз 4,5, қырыққабат 7,7%-ке төмендеген.

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бағаның өсу себептерін анықтау үшін талдау жүргізгендерін айтты. Министрдің мәліметінше, нарықта үстеме бағаны қоятын делдалдар көп. Олар жеткізу және сақтау шарттарын орындамайды. Екінші себеп – экспорт көлемі артқан. Импорт тауарлары екібастан қымбат. Қарақұмықты Ресейден аламыз. Күрішті Өзбекстан мен Түркіменстанға жібереміз. Нәтижесінде бағасы да шарықтап шыға келген. Ал, өңірлер бағаны тұрақтандыру механизмдерін тиімді пайдалана алмай отыр.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Бағаны ұстап тұру бойынша бюджеттен қомақты қаржы сұрамайтын баламалы тетіктер де бар. Біріншіден, «айналым схемасы» деген механизм бар. Әлеуметтік маңызды тауарларды сатудың қарсы белгіленген міндеттемелері бар. Сауда желілеріне жеңілдетілген қаржы беру іске асырылуды. Ағымдағы жылы айналым схемасы 4 пилоттық өңірде іске асырылды. Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Қостанай қалаларында бюджет қаражаты көзделгеніне қарамастан әлі күнге сауда желілерімен шарт жасалмаған. Және әкімдіктермен бағаны төмендету бойынша нақты жұмыстар жүргізілмеген.

Министр талдау жүргізу кезінде кей әкімдердің өз өңірлерінде қандай тауар өндірілетінін және қайдан әкелінетінін білмейтінін айтты. Премьер-министр Асқар Мамин бір апта ішінде бағаны тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімге арналған нақты шаралар пакетін әзірлейтін топ құруды тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Екінші, Премьер-министрдің кеңсесі 3 күннің ішінде азық-түлік баға өсімінің алдын алу мәселесіне жауап беретін, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапқа тарту туралы менің атымнан ұсыныс енгізсін. Және атап өткен Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Жамбыл облысының әкімдерінің орынбасарларын белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартып, Үкіметті хабардар етсін.

Сонымен, бағаға бақылау күшейіп, жауаптылар тәртіптік жазаға тартылатын болды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы