418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау аз

  • 392
  • UPD: 22:43, 18.11.2019
Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау аз

Кейбір органдар азаматтық институтпен қоян-қолтық жұмыс істеуге құлықсыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елордада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру саласындағы мәселелер қаралды. Жиынға азаматтық қоғам альянсының мүшелері және жауапты министрлік өкілдері қатысты. Айтуларынша, үкіметтік емес ұйымдар мемлекет пен халық арасында көпір болуы тиіс. «Бірақ бұл міндетті жүзеге асыруға бірен-сараң министрліктер қарсы. Қаржыны өз беттерінше игереді», - дейді азаматтық институт өкілдері.

Еске салайық, мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында үкіметтік емес ұйымдардың дамуына басымдық берген болатын.

Гүлбара Сұлтанова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары:

- Қаржыландыру көлемін жылдан жылға арттырып келеміз. Бірақ әлеуметтік жобалардың түпкілікті мақсатқа қол жеткізілуін қадағалаймыз. Яғни, мемлекеттік стандартқа сәйкестігі анықталады. Биыл 2 мыңнан астам жобаның әлеуметтік әсерін бағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы