419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының әкімі бұрынғы орынбасары Б.Мәнізоровқа тағылған айыпқа қатысты ойын айтты

  • 816
  • UPD: 17:44, 19.11.2019
Алматы облысының әкімі бұрынғы орынбасары Б.Мәнізоровқа тағылған айыпқа қатысты ойын айтты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов елордада өткен баспасөз жиынында бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған айыпқа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімі орынбасарын бұрыннан танитынын және кез келген адамның осындай жағдайға ұшырауы мүмкін екенін тілге тиек етті. Және бұл оқиғаның Алматы облысында емес, Алматыда болғанын айтты. Яғни бұрынғы орынбасарының айыбы анықталса, отставкаға кету керек деді.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Ал 30 қазанда әкім орынбасарының жұмысқа шыққаны айтылды.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

– Кінәлі болып жатса, отставкаға кету керек болды. Бұл жағдай Алматы облысында емес, Алматыда болған. Менің жұмыстан кететінімді немесе орнымда қалатынымды тек Үкімет басшылығы шешеді. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келдім, адал еңбек еттім. Кет десе, кез келген уақытта кетуге дайынмын. Немерелерімнің қасында боламын. Одан қорықпаймын.

Хабар 24 телеарнасы