425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Nur Otan» партиясы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, нәтижесін көрсетті

  • 876
  • UPD: 15:24, 20.11.2019
«Nur Otan» партиясы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, нәтижесін көрсетті

«Nur Otan» партиясы халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандықтардың 61%-і «партия өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған мәселелерді орындап отыр» деген пікірін білдірген. Жемқорлықпен күресуде де белсенді жұмыс жасалады. Партияның өзінен де 100-ге жуық адам әртүрлі себептермен жұмыстан босатылған. Оның ішінде жемқорлық фактісі де бар. Сондай-ақ аудан-ауылдарда белсенді жұмыс атқаратын партияның бірден-бірі «Nur Otan» ғана болып тұр. «Бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі», - дейді нұротандықтар.

Еділ Оспан, «Nur Otan» партиясы жанындағы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары:

- Әлеуметтік зерттеу 18 жастан асқан 1700 адам қатысты. Зерттеудің аумағы республиканың барлық облыстарын қамтыды.Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын қамтыды. Зерттеу азаматтармен сұхбат жүргізу барысында өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы