384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда оқушыны пышақпен қорқытқан күдікті іздестіріліп жатыр

  • 139
  • UPD: 21:54, 20.11.2019
Алматыда оқушыны пышақпен қорқытқан күдікті іздестіріліп жатыр

Алматыда белгісіз біреу 12 жастағы қызды мектеп жанында пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, ол қашып құтылды. Мектепке жеткен соң 6-сынып оқушысы болған оқиға жайында ұстаздарына хабарлаған. Өкініштісі, бұл жайт ешбір бейнекамераға түспей қалған. Өзіне төнген қауіптен қорқып қалған қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

– Кішкентай баладан сұрақ-жауап алу процедурасы кезінде ол мүмкіндігінше сезікті адамның бет әлпетін суреттеп берді. Қазіргі таңда арнайы тергеу тобы құрылып, оның құрамына білікті мамандар енгізілді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің қатысуымен де іздестіру шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы