376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы 30 жылда Алматы қалай өзгереді

  • 409
  • UPD: 14:31, 21.11.2019
Алдағы 30 жылда Алматы қалай өзгереді almaty.gov.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынды.

Өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін алматылықтар ғана емес, Алматының болашағына бейжай қарай алмайтындардың барлығы білдіре алады, деп хабарлайды almaty.gov.kz.

Пікіріңізді www.Almaty-2050.kz арнайы сайты арқылы ортаға салуға болады. Сайт пен қалалық газеттерде стратегияның мәтіні жарияланды.

2050 жылға дейінгі даму стратегиясында 7 стратегиялық басымдық қамтылған:

  1. Шетсіз қала;
  2. «Ақылды» қала;
  3. Тең мүмкіндіктер қаласы;
  4. Қауіпсіз қала;
  5. Жасыл қала;
  6. Жаһандық іскерлік орталық;
  7. Мәдени креативті қала.

Бұрындары қала әкімі Б.Сағынтаев өздерінің пікірлерін ұсынған және бірқатар проблемалық мәселелерді атап өткен мегаполистің сарапшылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы