427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұротандықтардың жаңа жобалары сөз болды

  • 679
  • UPD: 21:20, 25.11.2019

Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте нұротандықтардың жаңа жобалары да сөз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, бір апта бұрын партияның кадрлық резервіне іріктеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ал жобаға ең көп қатысқан азаматтар Түркістан облысында тіркелген. Аймақта партияның кадрлық резервіне кіруге бір ауданда 100 адам өтініш берген. Олардың 37-сі – әйел адамдар, жетеуі көп балалы аналар.

Бейсен Тәжібаев, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Партияның мүшесі болып табылмайтын 23 азамат кадрлық резервке іріктеу ұсыныс берді. Олардың барлығын қатыстырып, біз аудандағы 7 мыңнан астам партия мүшелері дауыc беріп, осы 100 азаматтың ішіндегі лидерлерді анықтады. Бұл пилоттық жоба Елбасы тарапынан қолдау тапты. Ендігі уақытта сайлау кезеңдерінде бұл пилоттық жобаны барлық ел бойынша жүргізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы