421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вакцина салғызған балада асқыну неліктен болады?

  • 680
  • UPD: 10:22, 28.11.2019
Вакцина салғызған балада асқыну неліктен болады?

Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік реестрінде 64 сауда атауы бар вакцина тіркелген. Олардың едәуір бөлігі Еуропа елдерінен жеткізіледі.

Көбіне Франция, Бельгия және Нидерланд елдерінің өнімдері. Сондай-ақ екпелер АҚШ, Үндістан, Корея, Ресей мен Израильден тасымалданады. Оның ішінде 20 екпе түрі жыл сайын мемлекеттік вакцинация күнтізбесіне енгізіліп келеді. Елімізге әкелінетін аталған дәрі-дәрмектің жалпы құны жылына шамамен 28 млрд теңгені құрайды. Айта кеткен жөн, қауіпсіздік шаралары шеңберінде импорттық партияны шекарадан өткізбес бұрын әр препарат тексеріліп шығады. Ал сапасы мен құжаты жағынан сәйкессіздіктер шығып жатса, өндірілген еліне кейін қайтарылады.

Берік Шәріп, «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы:

- Бір жасқа толмаған 370 мың нәресте әр жылы вакцинацияға ұшырайды, жаңағы айтқан күнтізбе бойынша. Соңғы 2 жылдың ішінде тек ғана 70, бізде енді сары карта деп атайды. Ол енді асқыну емес, бірақ науқастар жағынан, вакцинацияға ұшыраған балалар жағынан туындаған асқынулардың бір түрі. Бірақ бұл 70 асқынудың ішінде толығымен жалпы вакцина инструкциясы жазылған бағдарланған асқыну дейді. Яғни біз бәріміз білеміз әрбіріміздің ағзамыз бөлек. Бір балада иммунитеті төмен болса, кейбір кезде енді асқыну пайда болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы