424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сервис орталығы ашылды

  • 913
  • UPD: 21:57, 29.11.2019

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алғашқы сервистік орталығы ашылды. Сырбойылықтар енді осы кеңсеге барып, кеңес алады.

Арыз-шағымын айтады. Тіпті бармақбасты, көзқысты әрекеттермен күресу жолдарын ұсына алады. Фронт-кеңсенің алғашқы жұмыс күнін көрген салалық ведомство басшысы Алик Шпекбаев бұл орталық қоғамды жемқорлықпен күреске жұмылдыратын алаң болуы тиіс деді. Сосын азаматтарды жеке қабылдап, түрлі басқарма, департамент басшыларымен кездесу өткізді.   

Алик Шпекбаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Біз Қызылорда облысы әкімдігі мен аймақтық департамент жұмысына оң баға беріп отырмыз. Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастық және азаматтық қоғамның бірлігінсіз нәтиже болмайды. Сондықтан осы ортақ іске жұмылу арқасында Қызылорда облысында коррупция деңгейі төмен.

Хабар 24 телеарнасы