419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің үздік жоба әзірлеушілері «Baiterek Hackathon» барысында бас қосты

  • 997
  • UPD: 22:54, 29.11.2019

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметін одан әрі қолайлы ету үшін еліміздің ең үздік жоба әзірлеушілері бүгін Алматыда BAITEREK HACKATHON-да бас қосты.

Хакатон дегеніміз, бұл әртүрлі саладағы  әзірлеуші мамандардың бір жоба аясында бірігуі.  «Бәйтерек» Ұлттық басқарма Холдингі»  АҚ мен  «QazTech Ventures» Акционерлік қоғамы қолдаған бұл хакатонға 200-ден астам жоба әзірлеуші қатысты.

Бәйтерек хакатонына жаңа технологияны жақсы меңгерген, Ай-ТИ  саласын жетік білетін жастар іріктеліп алынған. Жас әзірлеушілер 2-ден 5-адамға дейін бөлініп, команда құрайды.  Олар, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарма Холдингіне қарасты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» онлайн-қызметін жеңілдету бағдарламаларын ойластыруы қажет. Бұл үшін әр командаға 48 сағат беріледі. Ал, оларға әлемдік деңгейдегі мықты стартапшылар кеңес беріп отырады.

Таддеус Ко,  Е27 стартап компаниясының директоры /Сингапур/:

- Мұндай хакатондар, жоба әзірлеушілер үшін үлкен мүмкіндік. Яғни, олар тек идея ойлап таппай, оны жүзеге асырып,  одан коммерциялық пайда табуына болады. Әсіресе, бүгінгідей нақты ірі компаниялармен жұмыс жасау жастар үшін тиімді.

Бағдарламашы, заңгер, қаржыгер сынды азаматтардан құралған топ  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қор жинау және банкте кезекте тұру мәселелерін шешу жолдарын азайту бойынша  қосымша ойлап табуы керек. Ең үздік стартаптар  2 млн теңге көлемінде қаржылай ұтысқа ие болады..

Әділ Нұрғожин, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры: 

- Қаржыландыру  компаниясын  тартып отырмыз, ол «QazTechVentures». Ол да Бәйтеректің құрамына кіретін  институт. Ол стартаптарды қаржыландыратын институт. Сондықтан екі жақтан да келіп отырмыз. Егер осы шараны бір емес, бірнеше рет жасайтын болсақ,  біздің үмітіміз  осы ай-ти  қауымдастықтарына бір емес, бірнеше стартап тұрғызу, бір емес, бірнеше ай-ти компанияларды өсіру. 

Негізгі мақсат «Бәйтерек» холдингіне қарасты компаниялардың онлайн-қызметін жақсарту дейді Әділ Нұрғожин. Сондай-ақ үздік жоба әзірлеушілерін осы компанияларға жұмысқа тарту мәселесі де қарастырылған.

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы