411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміржол билеттерін қайтарған жолаушылардан негізсіз ақша ұсталған

  • 470
  • UPD: 12:37, 04.12.2019
Теміржол билеттерін қайтарған жолаушылардан негізсіз ақша ұсталған

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысты сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлады Елорда Инфо ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңге негізсіз ұсталуына байланысты сот үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бұрын осы жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган оған бұзушылық белгілерінің бар-жоғы және тергеп-тексеру басталғанға дейін оны жою мүмкіндігі туралы хабарлама жолдады. Алайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ заңда көзделген осы құқықты пайдаланбады және нәтижесінде соттан «ұтылды», – делінген комитеттің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы