376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

  • 212
  • UPD: 20:55, 04.12.2019

Елімізде 480 кәсіптік стандарт әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. Оның айтуынша, еңбек нарығындағы жылдам өзгерістерге бейімделу үшін бізге осындай стандарттар мен білім беру бағдарламалары қажет. Сондай-ақ,  жиын барысында ол жауапты мекеме өкілдеріне жаңа кәсіптер атласын әзірлеу жұмыстарын келесі жылдың наурыз айына дейін аяқтауды тапсырды. Соған қарай еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандар даярланбақ. Айта кетейік, елімізде  ұлттық біліктілік жүйесін енгізу жөніндегі жол картасы әзірленген. Құжат 2025 жылға дейін еңбек нарығындағы өзгерістерді реттейді деп жоспарланып отыр.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Елбасы тапсырмасы кәсіптік стандарттарды әзірлеу жұмыстарын  2012 жылы бастадық. Бүгінгі таңда 480 кәсіптік стандарт әзірленген. Олар 2,7 мыңнан аса кәсіпті қамтиды. Бізге қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен еңбек нарығындағы жылдам өзгерістерге сай келетін кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламалары қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биыл 17 мамырда өткен жұмыспен қамту және еңбек мәселелері жөніндегі кеңесте айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы