381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұрын сотты болғандардың қылмыс жасауы жиілеп кетті

  • 337
  • UPD: 17:31, 05.12.2019

Екі жылдың ішінде бұрын істі болған 28 адам қайта заң бұзған. Оның екі мыңнан астамы рецидив қылмыс жасаған.

Бұл туралы Сенат отырысында депутат Сәуле Айтпаева айтты. Оның сөзінше, осындай жағдай жақында ғана елордада болды. Жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қағып кеткен көлік жүргізушісі бұрын сотталып келген. Ал көлік ұрланған болып шықты. Жазасын өтеп келгендердің көбі жұмыссыз жүреді. Ішімдікке салынған, немесе есірткі қолданатындары көп. Қазір елімізде түрмеден шыққандарды әлеуметтік бейімдеудің  2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бар. Елбасы да осы саладағы жұмыстарды күшейтуді тапсырған еді. Алайда, жасалып жатқан жұмыстар мардымсыз дейді Сенат депутаты. Осы орайда ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдады.

Сәуле Айтпаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру бойынша кәсіпкерлермен жасалған келісім-шарттардың нәтижесі қандай? Жекелеген бағдарламалар бар ма? Пробация қызметіне жеке тұлғаны тексеру бойынша заманауи тәсілдер енгізілді ме? Сондай-ақ, сотталғандарды түзеу процессінде  тәуекелін ескерту жүйесі бар ма?

Хабар 24 телеарнасы