375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда желтоқсанда бақбақ гүлдеді

  • 314
  • UPD: 23:24, 05.12.2019

Таразда қыс басталғанда бақбақ гүлдеді. Күннің жылуынан шаһарда көк шөптер көрініп, саябақтар мен алаңқайларда қылтиып гүл шықты.

Кейбір ағаштар тіпті бүр жара бастаған. Мына бақбақ гүлдер қаланың қақ ортасындағы алаңда өсіп тұр. Мұндай таңғажайып құбылысқа мамандар климаттық өзгерістер себеп дейді. Жамбыл өңірінде дәл қазір +8 градус жылылықты көрсетіп тұр. Ал қалада бүгін ауа температурасы 18 градусқа дейін көтерілді.

Қазгидромет орталығының хабарлауынша, желтоқсан айы жылы болады. Дегенмен, жақын күндері жаңбыр жауып, күн -3 градусқа дейін суытады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы