426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстаулық депутат туған жеріндегі игі істерге ұйытқы болып жүр

  • 1396
  • UPD: 08:06, 06.12.2019
Маңғыстаулық депутат туған жеріндегі игі істерге ұйытқы болып жүр

Биыл маңғыстаулықтар Арыстағы бүлінген 330 үйді жөндеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қираған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Асқар Керелбаев белсенді атсалысты. Ол басқаратын компания 3 жарым ай бойы тұтас бір көшені жөндеп, жаңадан үй салып беріп, 50-ге жуық отбасының алғысын алды. Депутат игі істерді туған жерінде де жиі жасайды. Кіндік қаны тамған Тұщықұдық ауылы мен Ақтауда спорт кешенін тұрғызып, жерлестеріне тамаша тарту жасады. Мұнда қазір жастар спорттың бірнеше түрімен шұғылданып жатыр. Абаттандырылған теңіз жағалауында да Асқар Керелбаевтың қолтаңбасы бар. Құрылысын Ақтау саммитінің қарсаңында аяқтап, халық иігілігіне берген депутат Елбасының алғысын алған болатын. Бүгінде бұл жағалау қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Мұндағы жасанды пальмалар, амфитеатр мен түрлі сәулет мүсіндері көк теңізге көрік беріп тұр.

Жадыра Пернебай, қала қонағы:

– Мен Ақтауға алғаш рет келдім. Теңіз жағалауы маған қатты ұнады, табиғаты да. Мұнда демалуға барлық жағдай жасалып қойыпты. Керемет екен. Маған қала ұнап жатыр.

Асқар Керелбаев, қалалық мәслихат депутаты:

– Арыстағы жағдайдан кейін Кеңес үкіметі кезіндегі үйлер бүлінді. Көп үйлер. Соны қалпына келтіріп, жөндеп бердік. Халық қуанып қалды. Мен үшін үлкен баға – халықтың алғысы. Депутат болғаннан кейін, халықтың алдында міндеттемеміз болғаннан кейін халықтың өтінішін орындап, көмектесеміз.

Хабар 24 телеарнасы