375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар жылы бірқатар бағыт бойынша қолдау көрсетілді

  • 169
  • UPD: 08:45, 10.12.2019
Жастар жылы бірқатар бағыт бойынша қолдау көрсетілді

Жастар жылында жастарға бірнеше бағыт бойынша қолдау көрсетілді. Тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру және білім беру жағына баса назар аударылды.

Жалпы, 2 млн-нан астам азамат мемлекеттің қолдауына ие болған. 3 мыңнан астамы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында арендалық баспана алды. 172 мың маман жұмысқа орналасса, 20 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Оның ішінде, 9 жарым мың жасқа бизнес-жоспарын іске асыру үшін грант берілді. Білім және ғылым министрлігі биыл 53 мың оқу грантын бөлді. Яғни ҰБТ тапсырған әрбір екінші түлек оқуға түсті. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында 3 млрд теңге бөлінді. Ал өңірлерде жас отбасыларды қолдауға арналған 12 ресурстық орталық ашылды.

Хабар 24 телеарнасы